Оңтүстік Қазақстан облысының 65 пайызына табиғи газ жеткізіледі

Табиғи газды тартуға өткен жылы жергілікті қазынадан 13,7 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 25 ауылға көгілдір отын жеткізілді. Биыл да республикалық және жергілікті бюджет есебінен 14,1 млрд қаржы қарастырылып, 57 елді мекенге газ тарту көзделіп отыр. Жоба іске асса, халықтың 65,6 пайызы газды тұтынады.

«Біз 2020 жылдың қортындысымен облыста 683 елді мекенді газдандырамыз деп жоспарға қойдық. Жоспарға сәйкес жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қаржыларды да солай жоспарлап отырмыз. Оның қорытындысымен біздің облыс 2020 жылы елді мекендер санымен 81 пайызға жеткіземіз. Ал халықпен санағанда 95-96 пайызға жетеміз»,- деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұралхан Шарипов.

ДереккөзKhabar.kz