12 мамырдағы басты жаңалықтар (Кешкі брифинг)

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты жиналыста зейнетақының өсетінін айтты.

Британ ғалымдары жұмыртқаны тоңазытқыштың қалтасында сақтауға болмайтынын анықтаған.

  • Людмила Прокашева Қазақстандағы конькимен жүгіру спортының құрамасын басқарады (сілтемесі мұнда).

2017-2018 маусымындағы орталықтандырылған дайындық үшін конькимен жүгіру спорты бойынша Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды.

  • Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланды (сілтемесі мұнда).

    Бүгін құрлықтық конгресте Дәулет Болатұлы Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланды.

  • Қас қағым сәтте түсірілген қызықты суреттер (сілтемесі мұнда)

    Суретке сәтті түсіре білу — талант. Қас қағым сәттегі ерекше кадрлерді ұстап қалу кәсібилікті емес, ептілікті қажет етеді. Назарларыңызға сәтті түсірілген фотосуреттер топтамасын ұсынамыз.

  • Ең алғашқы айыппұл көлікті 13км/сағат жылдамдықпен жүргізгені үшін салынған (сілтемесі мұнда).

    Жылдамдық арттырғаны үшін ең алғашқы болып айыппұл салынған көлік — Arnold Benz.

  • 3D фильмдердің адам денсаулығына пайдасы анықталды (сілтемесі мұнда).

    Киноға баруды сүйетіндер 3D сеанстарында бастарының ауыратынына шағымданса да, британдық ғалымдардың зерттеулері мұндай форматтағы фильмдерді көрудің адамға ләззат сыйлап қана қоймай, пайдалы екендігін көрсетті.

  • Әрбір қазақстандық ауыл шаруашылығы министріне сұрақ қоя алады (сілтемесі мұнда).

    2017 жылдың 2 шілдесінде ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов Асқар Исабекұлының Қарағанды қаласында online режимде халық алдында есеп береді.

  • Қазақстанда жаңа Kia Optima көліктері құрастырыла бастады (сілтемесі мұнда).

    Алғашқы көліктер дилерлерге мамыр айының соңында шығарылады.

  • Қазақстандағы фармацевтика нарығы 10 жылда 7,2 есе ұлғайды (сілтемесі мұнда).

    Соңғы 10 жылда еліміздің фармацевтика нарығының көлемі 7,2 есе ұлғайды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин парлменттік тыңдауда хабарлады.

  • Алматыда пәтер иелерінің кооперативі (КСК) туралы сайт ашылды (сілтемесі мұнда).

    Тұрғын үй мен тұрғын үй инспекциясы басқармасының қолдауымен Алматыда пәтер иелерінің кооперативі (КСК) туралы сайт ашылды.

  • «Questra Holdings Inc» қаржы пирамидасынан сақ болыңыздар (сілтемесі мұнда).

    Ғаламтор мен электронды төлем құралдары қарқынды дамуда. Нарықта осы құралдарға ақшаны тиімді инвестициялаймыз деген сияқты көптеген ұсыныстар бар. Алайда оны қалай дұрыс жасау керектігін барлығы бірдей біле бермейді.

  • Алматыдан Хельсинкиге тікелей ұшатын әуе рейсі ашылады (сілтемесі мұнда).

    Қазақстаннан Финляндияға қатынау жеңілдей түспек. Бүгін бұл туралы Финляндияның біздің елдегі елшісінің қатысуымен өткен брифингте белгілі болды.

  • Алматыда тұрғындардың сауалдарына жауап беретін жаңа портал ашылды (сілтемесі мұнда).

    Алматы қаласының тұрғындарына, кәсіпкерлерге және қала қонақтарының барлық сауалдарына жауап беретін портал іске қосылды. Оның жұмысы екі кезеңнен тұрады.

  • Месси үйлену тойы өтетін күнді белгіледі (сілтемесі мұнда).

    Әлем таныған әйгілі футболшы Лионель Месси үйлену тойын жасайтын уақытты белгіледі.

  • Ең қызықты 10 SMS (сілтемесі мұнда).

    СМС жай ғана хат-хабар алмасу құралы емес, оның көңіл-күйді көтеретін функциясы да бар. Әрине, егер сөйлесіп отырған адамыңыз сөзше шешен болса ғана. Назарларыңызға ең қызықты деген смс-хабарламалардың топтамасын ұсынамыз.

  • Алматыда дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының қызметкерлеріне жалақы беріледі (сілтемесі мұнда).

    Алматы қаласында дін саласындағы өзекті мәселелерге байланысты құрылған Ақпараттық түсіндіру топтарының жұмысына қатысты жиналыс өтті.

  • Суши адам өміріне қауіпті (сілтемесі мұнда).

    Бүгінде Батыс елдерінің де, Шығыс елдерінің де халқы сүйіп жейтін суши адам денсаулығына қауіпті . Жақында португалиялық гастроэнтерологтар (асқазан-ішек ауруларын емдейтін дәрігерлер) жапон асханасының тағамы – сушидің паразиттік аурулардың көптеп таралуына себепші болатынын анықтады.

  • “Районы” фильмі Қырғызстанда көрсетіледі (сілтемесі мұнда).

    25-мамырдан бастап Қырғызстанның барлық кинотеатрынан Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі көрсетілетін болады.

  • Қазақстандағы ең үздік банк анықталды (сілтемесі мұнда).

    Halyk Bank Қазақстандағы үздік банк атанды. Бұл туралы Global Finance АО халықаралық журналының жыл сайынғы «Ғаламдық үздік банктер» премиясында белгілі болды.

  • Бес жұлдызды қонақүй қандай болуы керек? (сілтемесі мұнда).

    Бес жұлдызды қонақүй деген ұғымды күнделікті естіп, таңдай қағамыз. Қонақүйлерді жұлдызбен бағалау жүйесі қалай жүргізіледі? Бес жұлдызды қонақүйді үш, төрт жұлдызды қонақүйлерден қалай ажыратуға болады?

  • Астана қаласының ораза және намаз кестесі (сілтемесі мұнда).

    Астана қаласы бойынша биылғы жылдағы Ораза және намаз уақыттарының кестесі белгілі болды. Кесте уақыты бойынша Ораза тұту 27 мамыр күнінен басталады.

  • Forbes ең бай рэп орындаушылардың тізімін жасады (сілтемесі мұнда).

    Бұл тізімдегі бірінші орын бес жыл бойы қатарынан Diddy лақап атымен танылған америкалық Шон Комбс иелігінде. Оның қаражаты 820 миллион долларға жеткен, бір жыл ішінде ол тағы 70 миллион доллар қосқан.

  • Бүгін – Халықаралық мейірбикелер күні (сілтемесі мұнда).

    Жыл сайын 12 мамыр — Халықаралық мейірбикелер күні болып аталып өтіледі.