Қазақстанда жаңа Kia Optima көліктері құрастырыла бастады

Kia Optima көліктерінің жаңа моделі 2015 жылдың сәуір айында Нью-Йоркте шыққан болатын. Қазақстанға тек екі жыл өткен соң ғана жетті. Қазір Өскемен қаласында құрастырылып жатыр. Дилерлерге мамыр айының соңында шығарылады.

Kia Optima
©kolesa.kz

Көліктің қозғалтқышы 2,4 литрлік алты деңгейлі автоматты болады. Сондай-ақ, климат-бақылаушы мен барлық орындықтарға, рөлге жылытқыш орнатылған. Көлік тұрағына қоюға арналған алдыңғы және артқы датчиктері, Android Auto мен Apple Car Play-ге қосылатын мультимедиялық жинағы, сымсыз қуаттау көзі мен қауіпсіздік жүйесі бар.

Kia Optima
©kolesa.kz

Жаңа көліктің құны — 9 млн 800 мың теңге шамасында болады.

ДереккөзKolesa.kz