Алматыдан Хельсинкиге тікелей ұшатын әуе рейсі ашылады

Жаңа әуе бағыты алдағы маусым айының 19-нан бастап іске қосылады.

«Астана – Финляндия үшін Орталық Азияға ашылған қақпа. Енді Хельсинки де Қазақстан үшін Солтүстік Еуропаға апарар сара жол боларына үміттімін. Елорда мен Солтүстік Скандинавиядағы Оолу – туыстас қалалар. Оолу – Қазақстанның бас қаласы секілді ақпараттық технологиялар дамыған ақылды шаһар. Сондықтан ортақ мүдде аясында байланысты барынша арттыра түсуге ниеттіміз»,- дейді Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Иллка Райсанен.

Биыл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының орнағанына 25 жыл толып отыр. Осы аралық бойы Финляндия елі қазақ экономикасына инвестиция құйып келеді. Мәселен 2005 жылдан бастап финляндиялық кәсіпкерлер Қазақстанға 295 млн доллар салған.

Дереккөз24.kz