Людмила Прокашева Қазақстандағы конькимен жүгіру спортының құрамасын басқарады

Олимпиада маусымында ұлттық штаттық командаға 1998 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Людмила Прокашева басшылық етеді. Вадим Саютин өткен маусымдағыдай бапкер-кеңесші ретінде жұмыс істейді. Ресейлік маман бұл командамен 2010 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

Штаттық команданың құрамына: Федор Мезенцев, Станислав Палкин, Артем Крикунов, Дмитрий Морозов, Александр Кленко, Иван Аржанников, Дарсиль Эссамамбо кірді.

Олимпиада лицензияларын алуға ниетті спортшылармен жеке келісімшарт жасалды: Дмитрий Бабенко, Денис Кузин, Екатерина Айдова мен өткен маусымның қорытындысы бойынша ұлттық рейтингте көш бастаған Роман Креч.

Еске салайық, петропавлдық конькимен жүгірушілер 2016/2017 маусымында әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетіп, 500 м қашықтықта ұлттық рекорд жасады.

ДереккөзInform.kz