Алматыда тұрғындардың сауалдарына жауап беретін жаңа портал ашылды

Әлеуметтік желі қолданушыларының назарына ұсынылған пилоттық жобада ең алдымен күнделікті өмірде кездесетін түйткілді сауалдардың жауабы порталға тіркеліп отырады. Сондай-ақ осы мәселе туралы тұрғында өздерінің ұсыныстарын қалдыра алады.

«Тұрғындар әр салаға қажетті құзырлы немесе жауапты мекемелердің қайда екенін, қашан қабылдайтынын іздеп шаршамайды. Барлығы бір жерде отырады. Яғни қажетті сұрақтары мен өтініш-тілектеріне бір есіктен жауап беріліп, көмек көрсетіледі. Бұл электронды порталдың негізгі жұмысы болмақ», – дейді «Алматы даму орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Асаубаев.

Ал жобаның екінші кезеңі қоғамдық қабылдау деп аталады. Бұл кезең күзге дейін жүзеге асырылатын болады.

ДереккөзKhabar.kz