Месси үйлену тойы өтетін күнді белгіледі

«Барселона» клубының көшбасшысы 30 маусым күні үйлену тойын жасамақ. Футболшы азаматтық некедегі сыңары Антонелла Рокуццоға үйленеді. Үйлену тойы туған қалалары Росариода өтеді деп күтілуде. Атаулы мерекелеріне 700-ге жуық қонақ шақыруды жоспарлап отыр екен.

Айта кетейік, 8 жылдан бері отасып келе жатқан Месси мен Антонелла бүгінде екі ұл тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда Тьяго – 5 жаста, Матео – 2 жаста.

ДереккөзVesti.kz