Жұмыртқаны тоңазытқыштың қалтасында сақтауға болмайды

Тоңазытқыштың қалтасында тұрған жұмыртқалар есік ашылып-жабылған сайын шайқалып, оның құрамындағы ақуызы азаяды екен.

Сарапшылардың айтуынша, жұмыртқаны сақтауға ең қолайлы жер ол тоңазытқыштың ортаңғы сөресі. Себебі ол жерде температура қалыпты сақталады әрі шайқалу процестері болмайды.

Сондай-ақ, ғалымдар жұмыртқаны иісі шығатын өнімдерден аулақ қойған дұрыс деп есептейді. Өйткені жұмыртқа кез келген иісті бойына сіңіріп алатын көрінеді.

ДереккөзBaq.kz