Алматыда пәтер иелерінің кооперативі (КСК) туралы сайт ашылды

Kskportaly.almaty.kz ақпараттық сайттынан пәтер иелерінің кооперативіне қатысты барлық сауалдардың жауабын табуға болады. Мысалы, қай кооперативке кіретініңізді, тарифтер туралы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшелерінің мекен-жайы мен телефондарын, коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар туралы ақпараттар ала аласыз.

Сондай-ақ, кооперативке қатысты сауалдар жолдап, жасалып жатқан заң жобаларын талқылауға болады. Болашақта пәтер иелері кооперавитерінің рейтингі енгізіледі.

Аталған қызметтер қолжетімді болуы үшін сайтқа тіркеліп, жеке кабинетте үйіңіздің мекен-жайын енгізесіз.

Бұл пәтер иелері кооперативіне қатысты жасалып жатқан тұңғыш ресурс емес. Бұған дейін де бірнеше сайт болған еді. Алайда, ешбіреуі кооперативтердің жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізе алмады.

ДереккөзKrisha.kz