2025 жылғы Нобель сыйлығын алғандар кім?

Не болды?

2025 жылғы физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығын алғандар анықталды. Олар: америкалық ғалымдар Мери Бранкоу мен Фред Рәмсделл және жапон зерттеушісі Шимон Сакагучи. Бұл туралы Нобель комитеті хабарлап отыр.

Мәлімет

Олар адам ағзасында иммундық жүйе өз-өзіне зиян келтірмеуін қамтамасыз ететін шеткі иммундық толеранттыққа қатысты  жаңалы5ы үшін осы марапатқа ие болды, – деп жазылған комитеттің ресми хабарламасында.

Кейде иммунитет аутоиммундық ауруға шалдыққанда өз ағзасындағы жасушаларға шабуыл жасайды. Шеткі иммундық толеранттық соны болдырмай, аутоиммундық аурулардың алдын алады. Мұнымен ағзадағы Т-лимфоциттер (Tregs) айналысады. Америка және жапон ғалымдары осы Т-лимфоциттерді анықтады.

Олар 1990 жыл соңында жеке-жеке реттеуші Т-лимфоциттерді (Tregs) зерттеп, аутоиммундық ауруға шалдыққанда шешуші рөл атқаратынын дәлелдеді. Сол зерттеу негізінде иммундық жүйе жасушаларды «менікі» және «менікі емес» деп қалай ажырататынын нақты түсіндірді. Tregs-тің қызметін ашу көптеген аутоиммундық аурудың табиғатын түсінуге мүмкіндік береді және бірінші типті қант диабетін, склерозды және қатерлі ісікті емдеудің жаңа тәсілдерін табуға жол ашады.

Медицина, физиологиямен қоса химия, физика, әдебиет, экономика ғылымдары үшін де Нобель сыйлығы беріледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да