Астана келіссөзінен кейін елдер Сирияда қауіпсіз аймақ құруға келісті

«Соңғы екі күн бойы Астана процесіне қатысушылар соғыс пен ұрыс қимылдарын тоқтату режімі келісімін жүзеге асыру бойынша шолу жасады. Нәтижесінде кепілгер елдер Сирияда деэскалация аумағын құру туралы меморандумға қол қоюға келісті», — деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирия ахуалын реттеу жөніндегі Астана процесінің жалпы отырысында.

Сирияда деэскалация аймағын құру туралы меморандум зорлық-зомбылықты тоқтату, гуманитарлық ахуалды жақсарту  және сириялық жанжалды саяси шешу мен процесті ілгерілету үшін жайлы жағдай жасау мақсатында деэскалация аймағын құруды қарастыратындығы аталып өтілуде.

Келесі кездесу 2017 жылдың шілде айының ортасында тағы да  Астанада өтеді.

ДереккөзInform.kz