Бірнеше елде WhatsApp желісі істен шықты

Мессенджер Ресейде, ЕО елдерінде, АҚШ-та, Мексикада, Бразилияда, Үндістанда, ОАР-да тоқтап қалған. WhatsApp болған ақаудың себебін әзірге түсіндірген жоқ.

WhatsApp месcенджерінің жұмысы техникалық ақау орын алғаннан кейін қалпына келтірілді. The Verge америкалық желі ресурсының бағалауынша, техникалық ақау шамамен екі сағатқа жалғасқан.

Айта кетейік, WhatsApp — мәтіндік хабарламалар алмасуға және дыбыстық байланыс жасауға мүмкіндік беретін тегін сервис. 2014 жылдың ақпан айында WhatsApp-ты Facebook америкалық компаниясы шамамен 20 млрд долларға сатып алды. WhatsApp-тың өз бағалауы бойынша, сервистің ай сайынғы аудиториясы 1 млрд адамнан асады.

ДереккөзInform.kz