Басты бетЖаңалықтарАлматы әуежайындағы жағдай: полиция қызметтік тексеруді бастады

Алматы әуежайындағы жағдай: полиция қызметтік тексеруді бастады

Көліктегі полиция департаменті Алматы әуежайында қызды кепілге алған ер адамды ұстауға қатысқан қызметкерлер бойынша түсінік берді.

Полиция қызметкерлері Алматы әуежайының өкілдерімен бірге оқиға орнындағы жағдайды жедел шешті. Шабуыл жасаған ер адам қызметкерге агрессия көрсеткенін ескере отырып, олар әуежай терминалында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы алгоритмге сәйкес әрекет етті, — деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Десе де, көліктегі полиция департаменті аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Оның нәтижелеріне сәйкес, құқықтық баға берілетін болады.

Еске салайық, 7 наурыз күні Алматы әуежайында ер адам қызды кепілге алып, көпшілік алдында пышақ кезенген болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да