Басты бетЖаңалықтарПышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды

Пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды

Алматы әуежайында ер адам әуежай қызметкерін кепілге алды. Оқиға бүгін, 7 наурызда болған.

Әлеуметтік желіде оқиға куәгерінің видеосы жарияланған. Кадрдан пышақ ұстаған ер адамның еденде отырған қызды шашынан ұстап тұрғанын, ал қыз баланың айқайлап жылап, көмек сұрағанын көруге болады.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі оқиғаның рейс алдындағы тексеру аймағында болғанын хабарлап отыр.

Жергілікті уақыт бойынша, сағат 11:45 шамасында ішкі терминалда (Т1) өзін жолаушымын деген деструктивті ер адам рейс алдындағы тексеру аймағына барған. Алматы халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі күзетшілері ер адамнан құжат көрсетуді сұрағанда, оған жауап ретінде ол күзет қызметкерінің шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастаған. 7 минуттан кейін әуежай аумағында желілік полиция бөлімі қызметкерлері ер адамның қаруын алып қоя алды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адам желілік полиция бөлімінің қамауда отыр. Құқық қорғау қызметкерлері бұл іспен айналысып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да