Мамыр айында ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, мамырда Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орташа температура нормаға сәйкес болады. Ал республиканың қалған аумағында нормадан жоғары болады деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарында және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы жерлері мен тау маңындағы аудандарының басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан артық болады. Ал ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстарында нормадан төмен, қалған аумақтарда нормаға сәйкес болады деп күтілуде.

ДереккөзInform.kz