Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Алматыда Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш салынады

Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш

Ескерткіштің авторлары: Дулат Үсенбаев, Айдос Бүркітбаев және Қанат Бегулиев.

Ескерткіш Алматыдағы Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы 1992 жылы ескерткіш орнатылатыны туралы белгітас қойылған скверде орналасады. Ашылуы 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне жоспарланған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1931-1933 жылдардағы Ашаршылық құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында Алматы әкіміне арнайы ескерткіш ашуды тапсырған болатын.

Мақалаға реакция