Су тасқынынан зардап шеккен ақмолалықтарға 22 миллион теңге аударылды

Көкшетау, Степногорск қалалары және Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Зеренді, Шортанды аудандарының тұрғындары Атбасар, Сандықтау, Астрахан, Целиноград аудандарының тұрғындарын азық-түлік, киім-кешек, бөтелкедегі су, жуу заттары, гигиеналық құралдар және табиғи газбен қамтамасыз етті.

Ерейментаулықтар болса Атбасар қаласына шамамен үш миллион теңгеге 77 бас қой, 2 ірі мүйізді мал түрінде гуманитарлық көмек көрсетті. Одан бөлек, аудандардың барлық мемлекеттік қызметкерлері арнайы есепшотқа бір күндік еңбекақыларын аударды. Ол шамамен 10 миллион теңге болды.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың Ақмолалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қазақ тілі және мәдениет» қоғамдық бірлестігінің арнайы есепшотына аударған ақшаларының жалпы сомасы 22 миллион теңгеге жетті.

ДереккөзInform.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да