Ресейдің Еуропалық бөлігінен және Оңтүстік-Каспий теңізінің жағалауынан жылжитын циклондардың және атмосфералық фронттар бөліктерінің әсерінен, еліміздің көптеген облыстарында жаңбыр және қатты екпінді жел соғып, кей жерлерде желдің күші 15-25 м /с күшейіп еліміздің оңтүстігініде найзағай күтіледі. Ауа температурасы Қазақстанның барлық аумақтарында орташа көпжылдық мәндерден 3-6 ºС жоғары болып сақталады.
Сондай-ақ, еліміздің солтүстік өңірлерінде сулы қар жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
Алматы мен Астанада апта соңында жаңбыр күтілуде.
«Алматы қаласында 22 сәуір күні жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +7,+14 градус болады. Ал елордамыз Астанада қатарынан 2 күн жауын жауып, сынап бағанасы +13-18-ді көрсетеді», — дейді «Қазгидромет» инженер-синоптигі САИДА БЕРДІБЕКОВА.
