Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жаңбыр жауады

Кей аймақта жаңбыр жауады. Тұман түсіп, жел күшейеді. Тек батыс және солтүстік-шығыс аймақтарда күн ашық.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, күндіз Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болуы ықтимал.

Жамбыл облысында желдің екпіні 23м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының күндіз кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с болуы мүмкін.

Түнде Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

 

ДереккөзBaq.kz