Қарағанды аймағында сафари-парк жасалады

«Біз әлемдік қорықшылардың тәжірибесін қолданамыз, мысалы, АҚШ-тағы Йеллоустоун паркі. Қазіргі кезде орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, парктің маршруты жасалуды. Сафаридің ашылуы ЭКСПО көрмесіне орайластырылмақ, — деді «Бұйратау» ұлттық паркінің теризм және экологиялық ағарту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жібек Ыбраева.

Паркке келушілер, бұғы, арқар, ақбөкен, бизон, қодас, марал, тырна, саршұнақ, суыр, құр мен басқа да Қызыл кітапқа енгізілген аң-құстарды тамашалай алады. Жануарларды көруге және фотосуретке түсіруге ғана рұқсат етіледі. Ұлттық паркте аң аулауға тыйым салынады. Қорық аймағында бір тәулік болған үшін бір адам 1000 теңге төлейді. Бұл бағаға паркті аралауға, шатыр құруға, туристік соқпақтармен жүруге, жануарларды көріп,  Бозайғыр мен Әжібай өзендерінде қармақпен балық аулауға, сондай-ақ, археологиялық қазбаларды тамашалауға болады.

«Бұйратау» қорығына Қарағанды облысындағы Осакаров ауданы Молодежный ауылындағы Абай көшесі, 13 мекенжайында орналасқан кеңседе баж төлеп және билет сатып алып баруға болады. Сондай-ақ бірден Ұлттық паркке келуге болады. Парк аумағына кіреберісте орналасқан өткізу бекеттерінде туристерге нұсқаулық беріледі.

Айта кетейік, ғалымдар парк аумағында VI-VII ғғ. сақ мәдениетінің ескерткіштерін тапты.

ДереккөзInform.kz