Ерлан Сағадиев латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді

«Меніңше, процесс ұзақ уақытты алады. Барлығына да сақтықпен қараған дұрыс. Президенттің өзі бұл туралы айтты. Биыл біз мамандармен және ғалымдармен талқылаймыз. Жыл соңына қарай қандай да бір шешім ұсынамыз. Осыдан кейін ғана мектептерді дайындау басталады, белгілі бір кесте жасалады. Жүзеге асырылу мерзімі жайлы ештеңе айта алмаймын. Жыл соңына қарай айтарлықтай шешім мен мәлімет болады…Сапалы зерттеу жүргізіп, ненің қате, ненің дұрыс екенін пайымдаса жеткілікті. Сол елдер қандай қателік жібергенін көруіміз керек. Бірінші кезекте сараптама жұмысы жүргізілуі тиіс, сосын ғана мемлекеттік органдарымыз бен депутаттарымыздың талқылауына ұсынылуы керек. Осыдан соң ғана нақтылай сөйлеуге болады», — деді Ерлан Сағадиев.

Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру керектігін мәлімдеген болатын.

ДереккөзTengrinews.kz