АҚШ ғалымдары смартфондарға арналған қайта қалпына келетін әйнек ойлап тапты

Ғылыми топтың жетекшісі Чао Ванның айтуынша, жаңа материалға сызат түспейді және шытынамайды. Оны екіге бөліп тастаса, екі бөлік бір тәуліктің ішінде өздігінен бірігіп, қайтадан қалпына келеді. Сондай-ақ, материал 50 есеге дейін ұзарып, созылады.

«Біздің шығарған әйнектеріміз электр тогын өткізе алады. Сондықтан оны смартфон дисплейіне және өзге де мобильді техникаларға қолдануға болады»,- дейді ғалым.

Чао Ван бұл материалдың алдағы үш жылда қолданысқа енгізілетінін айтады.

Әйнек ерекше молекулярлық байланыстардан тұрады. Егер оған зақым келсе, молекулалары бір-біріне тартылып, материалдың қайтадан қалпына келуіне  әкеледі.

Ғалымдардың бұл іспен айналысуына «Люди Икс» комикстеріндегі Росомаха кейіпкері себеп болған. Олар осы Росамаха фильмін көрген соң, сол сияқты қайтадан қалпына келетін, ешбір зақым келмейтін материал жасап шығаруды ұйғарған.

ДереккөзTass.ru