13 сәуірдегі ауа райына болжам

Кей аймақтарда күн күркіреп, бұршақ жауып, жел екпіні 25 м/с-қа жетеді. 14 сәуірде түнде ауа температурасы түсіп, 2 градус аяз болады.

13 сәуірде таңертең және күндіз Жамбыл облысында жауын жауып, кей жерлерде нөсерге ұласады. Күннің екінші жартысында таулы аудандарда жылбысқаы қар жауады. Кей өңірлерде найзағай, бұршақ жауып, оңтүстік-батыс, батыстан жел 15-20-ға дейін күшейеді. Екпіні 23-28-ге жетеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с болады. 14-15 сәуір түнде жер-жерлерде ауа температурасы 0-5-ке дейін төмендейді.

Ал Алматы облысында жауын жауып, кей жерлерде арты нөсерге ұласады. Күннің екінші жартысында таулы аудандарда жылбысқы қар жауады. Кей өңірлерде найзағай, бұршақ жауып, оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20-ға дейін  күшейеді. 14-15 сәуір түнде жер-жерлерде ауа температурасы 0-5-ке төмендейді деп күтілуде.

Астанада жауын жауады деп күтілуде, ауа температурасы күндіз +12, +13 градус жылы болады. Күндіз және түнде тұман болады деп болжам жасалды.

ДереккөзInform.kz