Алматыға бір түнде 10 сантиметр қар түсті

Алматыға бір түнде 10 сантиметр қар түсті. Мыңнан астам жол жұмысшысы мен 463 техника қар тазалауға жұмылдырылды.

Қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта 52 жедел мобильді бригада жұмыс істеді.

Су тасқынының алдын алу және жою үшін 465 бірлік арнайы техника, 18 мотопомпалар және 140 жол жұмысшылары шығуы ұйымдастырылды. 2 200 қап құм бар. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінің ақпараты бойынша сағат 07.00-де су тасқыны тіркелген жоқ, — делінген хабарламада.

Дислокация орындарында 139 құм таратқыш кезекшілік етеді. Жоғарғы аудандарда 120 тонна көктайғаққа қарсы материалдар себілген. Таңертеңгі сағат 5-тен бастап қаланың жоғарғы бөлігінде қар күреу бойынша алты колонна ұйымдастырылды.

Таңғы сағат 8-ден бастап 463 бірлік техника мен 1 028 жол жұмысшысы шықты. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, — деп атап өтті коммуналдық қызметтен.