Астанада қар тазалауға 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

Елордада қар тазалауға 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Елордалық коммуналдық қызметтер қар күреу бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда. 28 ақпан күні таңертең қаланы тазалауға 2 400-ден астам жол жұмысшы мен 1 200-ден астам арнайы техника шықты.

27 ақпаннан 28-іне қараған түні қаладан 31,9 мың текше метр қар шығарылды, бұл 2 300-ден астам ауыр жүк көлігін құрайды. Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 400 мыңға жуық рейс арқылы полигондарға 5,4 млн текше метр қар шығарылды.

Тұрғындардың қауіпсіз жүруі үшін күн сайын тротуарларға, жолдар мен алаңдарға құм-тұз қоспасы себіледі. Сонымен қатар коммуналдық қызметкерлер тротуарлардың мұзын қолмен тазартады.