Фируза Шәріпова қарсыласын 54 секундта нокаутқа түсірді

Мәскеуде өткен жекпе-жек алғашқы раундтың 54-секундында аяқталды. Фируза Шәріпова қарсыласын нокдаунға жібергеннен кейін, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Қазақстандық боксшы үшін бұл карьерасындағы төртінші жеңіс және нокаутпен аяқталған екінші жекпе-жек. Бұған қоса, Фирузаның еншісінде бір жеңіліс бар.

ДереккөзBaq.kz