Бүгін Геннадий Головкиннің туған күні

Орта салмақта WBA, IBF, WBC, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Генна́дий Голо́вкин 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген.

Кәсіпқой бокста барлығы 37 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті. 33 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады.

Соңғы жекпе-жегін 18 наурызда Дэниел Джейкобске қарсы өткізген болатын. Нью-Йоркте өткен кездесуде отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл жолғы жекпе-жек 12 раундқа созылған болатын.

ДереккөзBaq.kz