Джейкобс пен Головкин 12 раунд бойы жұдырықтасты

Бұл жекпе-жектен кейін орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) кезекті жеңісіне қол жеткізіп, барлық белбеулерін қорғап қалды. Алайда үздіксіз нокауттар сериясы осымен аяқталды.

Ал Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) өзінің спорттық мансабында екінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобспен жұдырықтасқаны үшін 2,5 миллион доллар алады. Дэниел Джейкобс та сыйақыдан құр алақан қалмайды. Оған 1,75 миллион доллар көлемінде сыйақы беріледі.

Бұдан бөлек, РРV, яғни ақылы трансляция бойынша түсетін қаржының бір мөлшері де боксшыларға тиесілі.

ДереккөзInform.kz