Төлеутай Рақымбеков ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «машина жөндеу технологиясың ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарыңың докторы.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығының өнімдерін қайта өңдеу басқармасының басшысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуын талдау және стратегия департаменті, ауыл аумақтарының және агро-өнеркәсіп кешенінің дамуын талдау және мемлекеттік реттеу департаментінің, ДСҰ және ауылшаруашылық өнімің қайта өндеу департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар, «КазАгроИнновация» АҚ президенті, Қарағанды облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары қызметтерін атқарған.

ДереккөзBaq.kz