2017 жыл ел экономикасы үшiн күрделi жыл болады — министр Тимур Cүлейменов

Ағымдағы жыл Қазақстан экономикасы үшiн күрделi жыл болады. Бұл туралы Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтiп жатқан Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Тимур Сүлейменовтің пікірінше, Қазақстан экономикасын сын-қатерлер тұр.

«2017 жыл елiмiздiң экономикасы үшiн күрделi болады деп күтiлуде. Жаһандық экономиканың алдында энергия ресурстарының бағасына, АҚШ әкiмшiлiгiнiң жаңа сауда-экономикалық саясаты мен тұрақсыздыққа байланысты сын-қатерлер тұр. Бұдан бөлек, валюта бағамы, бiрқатар елдердегi саяси белгiсiздiк пен әскери қақтығыстарға орай да қиындықтар болады», — дедi министр.

Еске сала кетейік, дәл қазір Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өтiп жатыр. Кеңейтiлген отырыс әдеттегiдей Ақордада емес, Үкiметте өтуде. Жиында елдiң 2016 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары қаралып жатыр.

ДереккөзBaq.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз