Елорда маңындағы елді мекендерге қатынайтын 12 автобус қозғалысын тоқтатты

Аязға байланысты Астана қаласы маңына қатынайтын 12 автобус рейстен алынды. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы хабарлады.

«10 желтоқсан, сағат 05.00-ге өзекті ақпарат. Ауа райының нашарлауынан (температураның төмендеуі) қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда.

Қоғамдық көлік қозғалысы туралы өзгерістерді @cts_kz парақшаларынан білуге болады», — делінген компания мәліметінде.

Еске салайық, синоптиктер жексенбі күні елдің басым бөлігінде аяз болатынын ескерткен болатын.