46 градус аяз: 9-11 желтоқсан күндері ауа райы қандай болады?

“Қазгидромет” РМК синоптиктері 9-11 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын жариялады. 

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және жауын-шашынсыз аязды ауа райы болады.

9-11 желтоқсанда атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың шығысында қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады, республиканың оңтүстігінде тау бөктерінде және таулы аймақтарда қатты қар жауады. Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста 20-37 градус аязға дейін, солтүстікте 30-38, республиканың қиыр солтүстігінде 40-46 градус аязға дейін, орталықта және шығыста 25-35 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман болжанады, — делінген хабарламада.