Елімізде 915 кәсіпорын жұмысшыларына айлық бермей келген

Елімізде 915 кәсіпорынның 24 мың жұмыскерге 6,2 миллиард теңгеден астам жалақы қарызы бар екені анықталды.

Бұл туралы еңбек министрлігі хабарлады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 218 нұсқама беріліп, 169,3 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестеcі мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 21 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.

Оларға 5,3 миллиард теңге төленді.