Қазақстанда 81 мың адам миллион теңгеден жоғары жалақы алады

Қазақстанда миллион теңгеден жоғары жалақы алатын 81 мыңнан астам адам бар. Оның 24 мыңға жуығы тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейді. 

Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады. 

Олар ешқандай да жеке кәсіпкер немесе шенді, шекпенді емес, қарапайым жұмысшылар. Тау-кен өнеркәсібінде шамамен 23 мың 600 адам қомақты жалақы алады. Ал 9 мыңнан астамы өнеркәсіп саласында еңбек етеді. Үшінші орында қаржы және сақтандыру саласы тұр. Онда 8 600 адам жұмыс істейді. Құрылыста 7 800, саудада — 5 500 адам миллиондап табыс тауып жатыр. Жалақысы қомақты ерлер әйелдерден үш есе көп.

Елімізде зергерлік бұйымдарға сұраныс артқан. Биыл 839 миллион теңгенің бұйымы өндіріліп, 110 миллион АҚШ долларына тең болатын бағалы бұйымдар импортталды. Былтыр өндіріс көлемі 1,36 миллиард теңгеге жеткен еді. Бағалы металлдан жасалған бұйымдардың бағасы күн санап өсіп жатыр. Неке сақинасы 32%-ке қымбаттаса, сағаттар мен әшекейлер 30%-ке көтерілген. 

Зейнетақы қорындағы қаржы 17 миллиард теңгеден асты. Биыл жинақтағы ақша 2,6 триллион теңгеге өскен. Бұл қаржының 96%-і міндетті зейнетақы жарналарынан түскен. Еңбек демалысындағы жандарға 405 миллиард теңгеден астам қаржы төленсе, жас бойынша төлемдер 109 миллиард теңгеден асқан. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге берілген біржолғы зейнетақы төлемдері 198,75 миллиард теңге болды.