Атырауда жойқын дауыл болды

«Атырауда бес қабатты үйдің шатырын дауыл жұлып кетті. Индербор елді мекенінде екі ғимараттың — тұрғын үйдің және ауыл қазандығы ғимаратының, Исатай ауданы Мақат ауылы мектебінің шатырын жел жұлып кеткен. Жел ұшырған шатырлар 5 көлікті зақымдаған. Оның төртеуі облыс орталығында, біреуі Индерборда болған. Сондай-ақ, Атырауда екі ағаш және бір электр желісі бағаны құлаған. Ондаған жерде балкон, шатыр жабындысына зақым келген. АМУ-дың №3 корпусының, №31 мектеп-гимназиясының және мұнай және газ университеті ғимаратының шатырына қатты зақым келген. Бұл нысандар шұғыл жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бұл нысандардың шатырын дер кезінде бекіткен құтқарушылар оларды ұшып кетуден сақтап қалған», — деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары Замир Бердашев.

Еске сала кетейік, бейсенбі күні кешкі 20:00 шамасында Атырауда дауыл соқты.

ДереккөзInform.kz