АҚШ-та Galaxy S8 және Galaxy S8+ смартфондары таныстырылды

Samsung компаниясы Galaxy S8 және S8+ жаңа смартфондарын таныстырды. Жаңа телефондардың таныстырылымы Нью-Йоркта өтті.

Galaxy S8

Олардың айырмашылығы дисплейлерінің көлемінде. Galaxy S8 және Galaxy S8+ экранының диагоналі 5,8 және 6,2 дюйм.

Смартфондар екі түрлі Samsung Exynos 8895 немесе Qualcomm Snapdragon 835 процессорлы болмақ.

Камерасы 12 және 8 мегапиксельден тұрады. Жадының көлемі – 64 Гбайт, оперативті жады 8 Гбайт.

Сондай-ақ, олар microSD-картпен жабдықталмақ. Екеуінің де экранының жиектері иілген болып келеді. Онда батырма тетіктер де болмайды, смартфон тек виртуалды клавиштер арқылы жұмыс істейді.

Ұялы телефондар нарыққа осы жылдың сәуір айының ортасында шығады.