Қанат Исламның Астанадағы жекпе-жегі қайда өтеді?

«Астанада 9 қыркүйекте өтетін КӘСІПҚОЙ БОКС кеші «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Спорт кешенінің сыйымдылығы 10 мың адам. Ринг айналасына 2-3 мың орындық қоюға болады. Бас-аяғы 13 мыңға жуық жанкүйер келеді деп күтілуде…Айта кетейік, кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңілмеген боксшы Қанат Ислам жұдырықтасады. Сондай-ақ еліміздің мақтанышы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменов те осы бокс кеші аясында жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. Сондай-ақ басқа да кәсіпқой боксшылармен келіссөздер жүргізілуде», — деп хабарлады боксшының PR менеджері Берік Сұлтан.

Еске сала кетейік, Алматы аренада өткен кәсіпқой бокс кешінде 15 мыңға жуық халық келіп, көпшілікке билет жетпей қалған болатын. Берік Сұлтанның айтуы бойынша, билет шамамен тамыз айының 1 жұлдызында сатылымға шығады.

ДереккөзInform.kz