Алматы Аренадағы жекпе-жек: Қазақстандық бокшылардың қарсыластары белгілі болды

Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегінде қолға түйістіретін қазақстандық боксшылар:

  • Рио олимпиадасының қатысушысы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ спортшысы Милтон Нунезбен қолғап түйістіреді. 79 келі салмақта олар 6 раунд бокстасады.
  • Жанқош Тұраров ганалық Азек Ариимен 66 келіде 10 раунд күш сынасады.
  • Бүгінгі салмақ өлшеу рәсімінде 99 келіні көрсеткен отандасымыз Руслан Мырсатаев ганалық Нуху Азумимен (103 келі) қолғап түйістіреді. Олар 10 раунд беріліп отыр.
  • Қазақстандық Әли Ахметов (78 келі) әзербайжандық Әли Маммедовпен (77 келі) 6 раундқа жекпе-жекке шығады.
  • Отандасымыз Айдар Шәрібаев (60 келі) испаниялық Хуан Венено Окуромен (59 келі) 6 раундқа жекпе-жекке шығады.
  • Жұман Жұмабеков (63 келі) Беларусь боксшысы Владимир Ивановпен (63 келі) 4 раунда күш сынасады.

Еске сала кетейік, Алматыда 29 қазан күні «Алматы арена» спорт сарайында Қанат Ислам мен Патрик Аллотей WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады.

Бірінші орта салмақта «WBA Fedelatin» атағына ие Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан.

Кәсіпқой бокста «Улы жебе» деген лақап атқа ие Патрик Аллотей осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізген. Оның 34-інде қарсыластарынан басым түскен. Оның 24-де қарсыластарын нокаутпен ұтса, 2 жекпе-жегінде ғана қарсыластарына есе жіберген. Cоңғы рет 24 маусым күні шаршы алаңға шығып, отандасы Сани Идананы жеңген. Жекпе-жектерінің барлығын дерлік Ганада өткізген. Үш кездесуі ғана өзге елде өткен.

«Қанат Ислам қазір WBC (Әлемдік бокс кеңесі) рейтингінде 5-орында тұр. Егер Аллотейді жеңсе, рейтингте үздік үштікке енеді. Бұл рейтинг Қанат Исламға кез келген уақытта әлем чемпионы атағына таласуына мүмкіндік береді»,  деген болатын жекпе-жек демеушісі Бауыржан Оспанов.

Қанат Ислам бұл кездесуден кейін жыл соңына дейін Америка құрлығында тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын бұған дейінгі БАҚ-пен кездесуінде айтқан болатын. Ол 2017 жылы «кем дегенде төрт кездесу өткізбек.

ДереккөзҚазАқпарат