Үй салу үшін қандай құжаттар керек?

Жеке үй салу үшін төмендегі құжаттар болуы тиіс:

Өтініш

Құрылыс жұмыстарын бастау үшін тиісті мекемеге өтінім бересіз. Өтінішке мынадай құжаттар қоса тігілуі тиіс:

  • Жергілікті билік басшысының жер телімін беру туралы Қаулысы;
  • Сату-сатып алу келісім-шарты;
  • Бас жоспар, жер телімінің төлқұжаты;
  • Жер телімінің шекарасы, онда салынатын ғимараттар туралы акт.

Қаулы

Осыдан кейін бұл құжаттарды тексеріп көрген әкімшілік үй салуға рұқсат беру жөнінде Қаулы шығарады.

Мынадай құжаттар рәсімделеді:

  • Әкімшіліктің Қаулысы;
  • Үй салушыға құқық берілетін құжат;
  • Бас жоспардан үй салуға берілетін құжат көшірмесі;
  • Ситуациялық жоспар;
  • Инженерлік жүйелерге қосылуға қатысты техникалық жағдайлар, фасад, қабат сызбалары;
  • Жер телімінің салынатын түрлі ғимараттарға қатысты сызбасы.

Үй жоспары тігілген құжат

Салынатын үй жоспары жеке құжатқа тігіледі. Онда мынадай құжаттар болады.

  • Ситуациялық жоспар, мұнда үйдің жақын елді мекенге байланысы, сыртқы жарық, жылу, су көздерімен кәріз жүйелерімен, құрылыстарымен байланысы көрсетіледі;
  • Үйдің жақын көше бөлігімен қоса «топосьемкалық» суреті;
  • Жер телімінің жақын аумаққа байланысын көрсететін тігінен жасалған сызбасы;
  • Жертөле мен қабаттар жоспары;
  • Ғимараттың бүйір және бас фасадтары;
  • Сәйкес бөліктер;
  • Қабаттардың жабылуына қатысты жоспар, шатырдың, жабындының жоспары;
  • Іргетас жоспары, оның қиылыс-бұрылыстарының жоспары;
  • Техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қатысты жазбалар, ғимарат құнына қатысты қаржылық-сметалық есептеу­лер.

Жер телімін құжаттандыру

Жер телімін құжаттандыру үшін тиісті мекемеге ол жерге не салынатынын, қай аумақта екенін, көлемін көрсетіп, жеке басты растайтын құжат көшірмесін, сату-сатып алу туралы келісім-шартты, азаматтың жер теліміне құқық көрсететін құжатты, кадастрлық жоспарды қоса тігіп, өтініш өткізу керек.

Есте ұстар жайт, мемлекеттік меншікті реттеу органына өтініш тастап (паспорт көшірмесімен бірге), жер бұған дейін жекешелендірілген бе – соны білу керек. Жер телімі өз атына рәсімделген соң, өтініш берушіге шешім құжаты тапсырылады. Жерді өлшеу, кадастрлық жоспар жасауға кететін шығынды жер иесі өтейді. Сосын мемлекет тарапынан жер теліміне қатысты сату-сатып алу келісім-шарты жасалады. (Өтініш берушіге жер телімі мұрагерлікпен қалған немесе мемлекет тарапынан тегін берілген болса, құжат басқаша рәсімделеді). Бұдан кейін тіркеуге өтініш беріледі. Мынадай құжаттар қоса тігілуі керек:

  • Төлқұжат көшірмесі;
  • Жергілікті атқарушы биліктің жер телімін бергені туралы шешім көшірмесі;
  • Сату-сатып алу келісім-шарты;
  • Жердің расталған кадастрлық жоспары;
  • Паспорттан басқа құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде өткізілуі тиіс.