FlyArystan Түркістан–Астана рейсін 15 сағатқа кешіктіріп жатыр

FlyArystan әуе компаниясының Түркістан–Астана рейсі 15 сағаттан астам уақытқа кешіктіріліп жатыр. Бұл туралы қазақстандық лоукостердің баспасөз қызметі хабарлады.

FlyArystan сағат 00.55-те ұшып шығуға тиіс Түркістан–Астана КС7362 рейсі өндірістік қажетке байланысты кешіктіріліп жатқанын хабарлайды. Ол 29 шілде сағат 16.30-да ұшып шығады деп жоспарланып отыр. Біз жолаушылардан кешірім сұраймыз, — деп жазылған компанияның хабарламасында.

Әуе компаниясы рейс жолаушылары сусын, ыстық тамақ және телефон байланысымен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Күндізгі уақытта рейс сегіз сағаттан астам, ал түнде алты сағаттан астам уақытқа кешіктірілген жағдайда жолаушылар жатын орын, сонымен қатар ол жаққа жеткізетін және қайта алып келетін трансфер сұрай алады. Барлық сұрақ бойынша FlyArystan өкілдеріне жүгінуді өтінеміз, — делінген хабарламада.

Жолаушылар рейс туралы ақпаратты әуе компаниясының сайтынан тексеріп отыра алады.