FlyArystan Оралға жасалатын ішкі рейстерді тоқтатады

1 тамыздан бастап Орал әуежайында операциялық шектеулердің енгізілуіне байланысты FlyArystan ішкі бағыттар бойынша Оралдан және Оралға жасалатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Шектеудің себебі — Орал әуежайының хабарламасы. Онда «ұшып-қону жолағы мен перронның жасанды төсеміне түсетін салмақ пен қарқынына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Әуекомпания жолаушыларға билет құнын толықтай қайтарады немесе басқа ішкі бағыттар бойынша қайта тегін брондауды ұсынады.

Қайта брондау және билетті қайтару үшін компанияға жүгіну қажет:

  • Бағытты өзгерту үшін байланыс орталығына хабарласыңыз;
  • WhatsApp (қоңырау қабылданбайды): +7 702-702-02-27;
  • Live Chat парақшасына жазыңыз;
  • Электрон пошта: [email protected].

Егер билет онлайн агенттікте/кассада/туристік агенттікте сатып алынған болса, сол сатып алған жеріңізге хабарласу қажет.

Толық қайтару билетті сатып алған жерде рәсімделуі тиіс:

  • FlyArystan мобайл қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында «Брондау және брондауды өзгерту» бөлімінде – «Брондауды өзгерту».