24 наурызға арналған ауа райы болжамы

Алматы облысының Жалаңашкөл аймағында желдің жылдамдығы — 18-23, екпіні 28 м/с дейін жетеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысында тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында да тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстауда, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.

Ақтөбе облысында көктайғақ болады.

ДереккөзBaq.kz