Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы интернет сапасын сынға алды

Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы қаладағы интернет сапасын сынға алды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазіргі цифрлық өркениет пен білім экономикасы жағдайында адамдарға интернетке қол жеткізу маңызды. Біз барлық жерде Астананы «ақылды қала» және өңірлік IT-хаб ретінде мәлімдейміз. Бұл пайым өз кезегінде базалық цифрлық инфрақұрылымның жоғары сапалы екенін меңзейді. Бірақ елордадағы интернет пен ұялы байланыстың қалыпты жұмыс істеу деңгейі жетілдіруді қажет етеді. Бұл тұрғындар үшін қолайсыздық туғызып қана қоймай, қала экономикасына елеулі зиян келтіреді, елорда қонақтарының санасында өте жағымсыз әсер қалдырады, — деді мемлекет басшысы.