Мемлекет басшысы Жеңіс Қасымбекке елордадағы жағдайды жақсартуға бір жыл берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке елордадағы жағдайды жақсартуға бір жыл уақыт берді.

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Ең алдымен, бүгін айтылған міндеттерді дер кезінде әрі сапалы орындау керек. Астана бас қала деген атауға лайық болуға тиіс. Астана көркейсе, бүкіл еліміздің еңсесі биік болады. Астана Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі өзгерістерге ұйтқы болуы керек. Жалпы қаланың күнделікті тыныс-тіршілігі ұдайы назарда болуға тиіс. Әкімге қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беремін. Сіздің жұмысыңызды бақылап отырамын. Барлық қажет көмекті береміз. Бірақ жұмыстың негізгі өзегі – сіздің қолыңызда. Табыс тілеймін, — деді президент.