Спорт саласына бөлінген 269,3 миллион теңге жымқырылды

Қаржылық мониторинг агенттігі бұқаралық спортты дамытуға бөлінген қаржыны жымқыру бойынша 21 істі тергеп жатыр.

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, 2023 жылдың тек алты айының өзінде дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаражатын жымқыру бойынша 21 іс тергеліп жатыр. Жалпы шығын көлемі – 269,3 миллион теңге.

Агенттік тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да бұзушылықтар бойынша талдау жүргізеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануына жағдай туғызатын себептерді анықтау және мұндай заңбұзушылықтардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.