БЖЗҚ қаражатын жымқыру ісінен мемлекетке 5 млрд теңге шығын келді

Тергеуден соң 18 қазанда қордың бұрынғы басшысы Руслан Ерденаев пен істегі басқа да айыпталушылар, соның ішінде «БузгулАурум» компаниясының құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаевтың да ісі сотқа жолданды. Руслан Ерденаевқа пара алды деген айып қосылған.

Тергеу нұсқасына қарағанда, БЗЖҚ қызметкерлері қордың «БузгулАурум» облигацияларын алуы туралы келісімге отыру үшін компаниялар басшылықтарынан аса ірі көлемде пара алған. Соның салдарынан мемлекетке 5 миллиард теңге шығын келген. Тергеу материалдарында тәуекелді есептеу департаменті «Бузгул Аурум» облигацияларына инвестиция салмау керектігін ескерткені айтылады.

Айта кетейік, Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорына зейнет жасына дейінгі азаматтар зейнетақы үлесін салады. Қордың жеке активтерін инвестициялауды тексеру 2016 жылы 21 желтоқсанда басталды.

ДереккөзCentralasian.org