Руслан Шпекбаев қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Шпекбаев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Руслан Шпекбаев 1968 жылғы 23 ақпанда Семей облысының Уржар ауданы Бестерек ауылында туған.

1989 жылы Одесса жоғары артиллериялық командалық училищесін бітірген.

1994-1995 жылдар аралығында ГФР Бундесвер артиллерия мектебінде оқып, әскери тәжірибеден өтті.

2003 жылы Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің әскери артиллериялық университетін үздік бітірген.

2011 жылы Ресей Федерациясы қарулы күштері бас штабының әскери академиясын бітірген. Әскери шені: генерал-лейтенант (2021).

1989-1994 ж.ж. – взвод командирі, батарея командирі, дивизион командирі лауазымдарында қызмет өткерді.

1996-1997 ж.ж. – штаб бастығы – артиллериялық полк командирінің орынбасары;

1997-2003 ж.ж. – артиллериялық полк командирі;

2003-2004 ж.ж. – дивизия командирінің орынбасары (оқ атумен зақымдау жөніндегі) – механикаландырылған дивизия басқармасы әскерлері зымыран және артиллерия бөлімшесінің бастығы;

2004-2011 ж.ж. – өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы зымыран әскерлері және артилериясының бастығы;

2011-2012 ж.ж. – Қазақстан Республикасының тұңғыш презиенті Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті әскери және мемлекеттік басқару факультеті жедел өнер кафедрасы бастығының орынбасары;

2012 – 2013 ж.ж. – департамент бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы қарулы күштері бас штабы стратегиялық жоспарлау департаментінің басқарма бастығы;

2013-2017 ж.ж. — Қазақстан Республикасы қарулы күштері бас штабы стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы;

2017-2020 ж.ж. – Қазақстан Қазақстан Республикасы қарулы күштері бас штабы бастығының бірінші орынбасары;

2020 жылғы тамыз айынан бері Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болды.

Айта кетейік, мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.