Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Бақытбек Сыдықов қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.