Руслан Шпекбаев Қорғаныс министрінің орынбасары болды

Руслан Шпекбаев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, — делінген құжатта.

Руслан Шпекбаев
Руслан Шпекбаев. Фото Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Руслан Шпекбаев 1968 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бестерек ауылында туған.

1989 жылы Одесса жоғары артиллерия команда училищесін бітірген.

2003 жылы РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери артиллерия университетін үздік тәмамдаған.

2011 жылы РФ Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясын бітірген.

Взвод командирінен бастап ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасарына дейін офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеріп келеді.

ІІ дәрежелі «Данқ» орденімен наградталған. Мерекелік және еңбек сіңірген жылдары үшін 10 медалі бар.

Айта кетейік, 4 шілде күні Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды.