Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейіп, жолдарда көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жаяу бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Батыстан соққан желдің  күші 9-14 м/с болады. Ауаның температурасы түнде -13-15°С, күндіз —1-3°С  аяз  болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын болады. Желдің  күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -2-4°С аяз,  күндіз 0,+2°С жылы болады.

ДереккөзKazhydromet.kz